«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖБМ аудандық семинар

20.02.2018

Егер мұғалім 21 ғасырда қызмет ететін болса, онда ол жаңа талапқа сай еңбектенуі керек.

ҚР жаңа білімінің маңызы өз алдына мақсат қойды: мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру жаңартылған білім бағдарламасы және критериалды бағалау жүйесін енгізу. 15 ақпан күні новочеркас ОМ « Жаңартылған тәсілді мектеп» тақырыбында тәжірибелік- семинар өтті. Бұл семинарға ауданымыздың 70 мұғалімі, АББ әдіскерлері қатысты.

Мектеп мұғалімдері: Смагулова Б.К., Тайшыбаева Т.А., Қазбекова Г.Ж., Макарина Г.А., Денисенко А.Д., Жунусова Г.К., Мусина К.Е., Иманжусупова Д.К., Богинская И.Г. жаңартылған бағдарламамен оқып жатқан сыныптарда ашық сабақтар берді. Сабақтарда жаңа бағдарламаның ерекшеліктері және әдістемелік жиынтық білім маңызы көрнекілік түрінде көрсетілді. Семинардың тәжірибелік бөлімінде мектеп жаттықтырушылары Қазбекова Г.Ж., Денисенко А.Д., Кенжесеитова Д.К. «Жаңартылған білім бағдарламасын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізді, тапсырмаларға дескриптор жасау жұмыстары,оларды қолдану тәсілдері көрсетілді.

Біздің жұмыс семинарымыздың мақсаты біздің мектебімізде ЖБМ енгізуді көрсету ғана емес, әріптестерімізбен тәжірибе алмасу,бөлісу, бірлесе отырып сұрақтарға жауап беру. Сол себепті семинарға қатысушыларға өздерінің пікірлерін айтып, талқылауға мүмкіндік берілді, семинар өзара сөйлесу алаңшасы түрінде қорытындыланды.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст