Текст
Екінші жазғы маусымдағы мектеп жанындағы лагерь балалары елордамыз Астанаға саяхатының арқасында тамаша уақыт өткізіп келді. Қалаға дейін біздің «Мерседес Спринт» микроавтобусымен Астрахан ауданы полициясының жол-патрульдік көлігі ілесіп жүрді, оларға алғысымыз шексіз. Педагогтың және олардың жақын туыстарының жетекшілігімен балалар Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне, одан кейін «Аватария» балалар ойын-сауық орталығына баруға мүмкіндік алды. Бұл орындардың әрқайсысы оқушының есінде қалады және олар барған жерлері туралы көптеген ақпараттарды білетін болады.