Екі апта бойы біздің мектебімізде "Айгөлек" қашықтық жазғы лагері жұмыс істейді. Әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады. 1 маусым күні балалар «Бақытты уақыт - бұл балалық шақ» тақырыбындағы бейнероликтерді көріп, таза ауада ойнаған фотоларын жіберді. 4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздері күні.Ол күні балалар Қазақстанның рәміздері туралы фильм көріп, «Мемлекеттік туымыз» тақырыбында суреттер салды. 8 маусымда балалар «Астрахан ауданының мұрағаты» бейнесюжетін қарап, «Мұрағат деген не?»деген сұрағына жауап беріп,өздерінің үйлерінің суретін салды.
10 маусым «Менің отбасым» тақырыбымен өтті. Бұл күні бастауыш сынып оқушылары үйде өз отбасы туралы фотоколлаж жасап қана қоймай, сонымен қатар «Балалардың құқықтары мен міндеттері» бейнесюжеті мен «Адам» қысқа метражды фильмін тамашалады. Осы фильмдер арқылы балалар өздерінің құқықтарын, міндеттерін қайталап, көптеген балаларға қатысты өмірлік жағдайларды қарастырды. Мұндай ақпарат мектеп психологының «Мен баламын, менің құқығым бар» тақырыбымен тығыз байланысты болды. 1-ші маусымның аяқталуына дейін аз күн қалды, бірақ біздің алдағы күндеріміз де оқушыларымыздың осы жаз айларын жақсы көңіл күйде өткізуін қызықсыз етпейді. Ұялы телефондары арқылы бізбен, мұғалімдермен кері байланыс орнатып, балалардың суреттерін, салған суреттерін жіберуге көмектесіп, қолдау білдіргені үшін ата-аналарға ерекше алғысымызды білдіреміз.