«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

01.06.2020

31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады. Әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің ендігі жердегі борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

ХХ ғасырда қазақ ұлты тартқан ең ауыр зардап осы зұлматты жылдармен байланысты. 1931-1933 жылдың ашаршылығы миллиондаған қазақтың басын жұтты, 1937-1938-дің репрессиясы қазақтың бетке ұстар қаймағын қынадай қырып салды. Қызыл империяның қаны тамған заманда елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда 800 мыңнан астам асыл азаматтарымыз азап шекті. 1937-1938 жылдар аралығында 103 мың адам қуғындалып, 27 мыңнан астам адам атылды. Бұл күні тек қуған-сүргін құрбандарының туған-туыстары ғана емес, бүкіл ел бабалар рухына тағзым етеді. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздік тұғырын қалаған боздақтарын ұмытпауы тиіс.

Лагерлерде қазақ мәдениеті мен ғылымына, ағарту саласына еңбегі сінген интеллигенция өкілдері азап шекті.

Бүгін мыңдаған қуғын-сүргін құрбандарын – Ахмет Байтұрсыновты, Әлихан Бөкеейхановты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіровті, Мағжан Жұмабаевты, Міржақып Дулатовты, Тұрар Рысқұловты, Санжар Асфендияровты, Темірбек Жүргеновті, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтарды еске алмауға болмайды.

Жаппай қуғын-сүргін бұрынғы Кеңес Одағының бірде-бір халқын айналып өткен жоқ.Қазақстанға әр жылдары 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасылары, 507 мың Солтүстік Кавказ халқы жер аударылды. Бұл жылдары барлығы 1 млн. 500 мың ұлт өкілдері жер аударылған. Тұрмыс тауқыметіне қарамастан қазақ халқы еріксіз жер аударылған бауырластарымызды жылы қабылдап, соның нәтижесінде тоталитаризмнің қанды шеңгеліне бірлесе төтеп берді.

Сол қорқынышты оқиғалар туралы біздің мектептің кітапханашысы Савченко Н.А бейне-ролик дайындады. "Өз еркі бойынша емес"»

 

https://www.instagram.com/p/CAsOIyVHuVg/?igshid=fyhhk2zckolb

 

 

Просмотров: 697


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст