Текст
14-16 мамыр аралығында Ақмола облысының білім басқармасы «Анам, әкем, мен - спорттық отбасы!» атты онлайн сайысын өткізді. Бұл сайысқа біздің ауданымыздан атынан Новочеркасское ауылының командасы қатысты. Ержановтар отбасы бірнеше рет облыстық отбасылық жарыстардың жеңімпазы болды. Анасы - Ержанова Оксана, әкесі - Ержанов Ерлан, ұлы, 2-сынып оқушысы, Ержанов Елнұр. Өткен жарыстардың нәтижелері бойынша біздің отбасылық команда 2-орынға ие болды, олар тек Егіндікөл ауданының отбасыларынан жеңіліп қалды. Бүкіл отбасы мүшелерін жеңімпаз болуымен құттықтаймыз! Отбасылық сайысқа қатысып,белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз!