Текст
Бүгін мектебімізде қазақ және орыс тілдерінде оқитын балалардың басын қосқан салтанатты жиын түрінде Бастауыш сынып апталығының ашылуы өтті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Матейкович Е.В. баршаны құттықтап, жиынды ашты. Әрбір бастауыш сынып жетекшілері тақпақ, жыр арқылы мектеп өмірінің бір бетін ашып, көрсетуге тырысты. Сонымен 1-сынып оқушылары мектепте қандай болғандарын өлеңмен айтып, «Үйретеді мектепте» әнін қазақ тілінде орындады. Екінші сыныптар барлық ғылымдардың патшайымы – математиканы, үшінші сыныптар – орыс және қазақ тілдерін, әдебиетті еске алды. Төртінші сынып оқушылары дүниетану пәнінің мәнін ашты. Салтанатты жиын балалардың әсерлі «Олар мектепте оқиды» әнімен аяқталды.