Текст
10 сәуірде 10 "Б" және 11"Б" сынып оқушылары арасында география пәнінен «Экология, проблемалар, шешімдер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бейне презентацияны тамашалағаннан кейін оқушылар пікірталасқа түсіп, адамзаттың ең өзекті экологиялық проблемаларын талқылап, оны шешу жолдарын анықтады. Бұдан әрі оқушыларға «INSTAGRAM профилін жасау және безендіру» шығармашылық тапсырмасын орындау ұсынылды. Тапсырманы орындау үшін жағдай тартымды профиль жасау, экологиялық тақырыптар бойынша Instagram парақшасын эстетикалық безендіру болды, абоненттер үшін қызықты әрі оқылатын болуы тиіс деген мақсаттар қойылды. Бұл тапсырма жоғары сынып оқушыларына ұнады және біз бұл әдістемені кейінгі сабақтарда да жалғастырамыз.