Текст
Тарих апталығы аясында бүгін мектеп дәлізіне «Сенің бойыңмен бірдей кім бар?» тарихи бой өлшегіш орнатылып, оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, балалар тарихи тұлғаларға басқа қырынан қарай алды. Олар өздерінің бойын белсенді түрде өлшеп, тарихи тұлғалардың бойымен салыстырды. Милита мен сақ патшайымы Томиристің бойы бір, ал Әлиханның бойы Федор Шаляпиндікіндей екені анықталды. Нұржан бір қызық жайтты білді: ұлы жаулаушы Шыңғыс ханның бойы да қысқа болған. Бұл әдіс оқушылардың тарихты оқуға деген қызығушылығын арттыруға, сонымен қатар балалардың өзін-өзі бағалауына мүмкіндік берді.