«Адамзат тарихындағы маңызды сауда жолдарының бірі – Ұлы Жібек жолына қош келдіңіздер!» Осылайша тарих апталығы ашылды.Пәндік апталықтың бірінші күні Ұлы Жібек жолының қалаларына саяхат жасаудан басталды. Қытайдан Еуропаға дейін көп ғасырларға созылған бұл ежелгі сауда жолы халықтар мен мәдениеттерді байланыстырып, әртүрлі мемлекеттерді жақындастырып, тарихи оқиғалардың куәсі болды. Оқушыларға Ұлы Жібек жолының әр қаласы туралы мәліметті қамтитын жұмбақ құрастыру тапсырылды.
Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан Қазақстан Жібек жолының дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қалалары тауарлар мен керуендердің аралық пункттері қызметін атқарып қана қоймай, сонымен бірге мәдени құндылықтар, идеялар мен білімдер алмасу орталықтарына айналды. Соның арқасында Қазақстан түрлі этностар өмір сүретін көпмәдениетті және көпұлтты мемлекетке айналды.