«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау.

27.10.2023

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау. «Новочеркасс ауылының ЖОББМ» КММ-де балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарың  қабылдау қызметі қарастырылған. Бұл қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Өтініштер қабылданады және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мыналар арқылы беріледі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

3) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы. Қызмет беруші мемлекеттік корпорацияға, порталға жүгінген сәттен бастап - 30 минут. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электрондық (автоматтандырылған «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін) /қағаз/проактивті/. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 1 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініштер.

2)баланың туу туралы куәлігі немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің не электрондық цифрлық құжаттама қызметінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

4) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);

5) дәрігер-фтизиатрдың қорытындысы;

Порталға кіру кезінде:

1) 1 және 5-қосымша қағидаларына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының сканерленген көшірмесі (бар болса);

3) фтизиатрдың жолдамасы. Порталға электрондық сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында не бір реттік парольді енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Просмотров: 372


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст