Текст
Ұйымдар тізімі
17.10.2023
16 қазанда біздің мектепте дене шынықтыру және спорт апталығы ашылды. Осы аптада физикалық белсенділікті, төзімділікті және командалық келісімді дамытуға ықпал ететін түрлі жарыстар жоспарланған. Бүгін аптаның бірінші күні 7-8 сынып оқушылары арасында баскетболдан жарыс өтті. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды 8 "А" сыныбының командасы, екінші орынды 7 "А" және 7"Б" сыныбының командасы, ал үшінші орынды 8" Б" сыныбының командасы иеленді. Бұл жарыстың үздік ойыншылары: Сағнай Адлета, Сабыр Мираса, Журавлев Александра, Рахимов Таир, Нығметол Нұрахмет.


