Бүгін, біз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қызымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз, енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болған бастауыш сыныппен қоштасып жатыр. Осы «Қош бол, бастауышым!» атты ертеңгілікте балалар қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына алғыстарын айтып өз өнерлерін көрсетті.
Ертеңгілік соңында сынып жетекшісі де түлектерге:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті сендер ақтаңдар
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болшы мақтаны!
Шығыңдар білім шыңына,
Аманат осы сендерге
Болыңдар үздік тағы да
Оқуда және еңбекте – деп жүрекжарды тілегін айтты. Ертеңгілік қызықты және көңілді өтті.