«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақиқат немесе жалған пікірлер құру. Табиғат аясында демалу мәдениеті" тақырыбы бойынша 3 "А" сыныбында өткен ашық сабақ

22.04.2023

18 сәуір күні, бастауыш сынып мұғалімі Мусина К.Е. "Оқыту процесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың жолдары" атты  аудандық семинарда 3"А" сыныбында математика пәнінен "Ақиқат немесе жалған пікірлер құру. Табиғат аясында демалу мәдениеті" тақырыбы бойынша ашық сабақ берді. Бұл сабақтың мақсаты: жалған немесе ақиқат пікірлерді ажырату, құру болды. Бұл мақсатқа жету үшін мұғалім мынадай: "Қолшатыр","QR код","Quiz show","Тик Ток", "Қарбыз", "Термометр" сияқты заманауи  әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білді.  Атап айтатын болсақ, мұғалім "Қолшатырдағы"  сұрақтар арқылы өткен сабаққа шолу жасады, оқушыларды топқа бөлді. Интербелсенді тақта арқылы жаңа тақырыпты түсіндірді. Топтық жұмыста 1- топ ноутбукта "Quiz show" ойыны арқылы пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін  анықтады. 2- топ оқулықтағы кесте бойынша өздері екі ақиқат, бір жалған пікір құрастырды. Сергіту сәті де тақырыпқа сай болды. Мұғалім ақиқат пікірді оқыса, оқушылар қолдарын шапалақтады. Ал жалған пікірді оқығанда аяқтарын тарсылдатты. "Қарбыздың" бөліктерімен әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды берді. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды бір-бір оқушыдан тақтаға шығарып, түсіндірді. Бағалау "Термометр" әдісімен жүргізілді. Ал кері байланыс "Тик Ток"  бойынша іске асты. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

 

 

 

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст