Текст
5-сынып оқушыларына арналған дебат: Үйге тапсырма керек! Шара барысында оқушылар қос палатаның дәлелдерін бағалап, білімдерін тиянақтау және оқудағы тапсырмаларды өз бетінше орындай білу қаншалықты маңызды екенін қорытындылады. Пікірталастың мақсаты: өз көзқарасын тиімді қорғауға, басқаларды тыңдауға және қарсыласымен сабырлы, достық қарым-қатынаста пікірталас жүргізе білуге үйрету.