Текст
9 желтоқсан күні 5 «б» сыныбында «Қазақстан, сенің жетістіктерің» тақырыбында ашық сынып сағаты. Бұл сабақтың эпиграфы Дж. Кеннедидің айтқан сөзі «Елің сен үшін не істей алады деп сұрама, сен елің үшін не істей аласың деп сұра». Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқыды. Топта жұмыс істеп, Қазақстанның жетістіктері туралы постер жасады. Постер: Семей облысындағы әлем бойынша ең ірі ядролық - қару сынақ полигонының жабылуы туралы, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу туралы.