Текст
Біздің мектепте пікір-сайыс өтті 8 «б» сынып оқушылары интернетті, «жақтаймын» және «қарсымын» деген тақырыпта ой қозғады. Әңгімелесу барысында оқушылар «Интернет» ғаламдық желісінің жағымды және жағымсыз жақтарын талдады. Ғаламдық желі арқылы тек хабарласып, ақпарат тауып қана қоймай, оқуға, бизнесті дамытуға, жұмыс жасауға болатынын білдік. Сондай-ақ интернет қауіпті: интернетке тәуелділік, заңсыз жарнама, цифрлық қарақшылық, экстремистік материалдарды тарату және т.б. Бұл тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға «Цифрлық тәуелділік» бейнеролигі көрсетілді.