Текст
Іс-шараның мақсаты – баланың негізгі құқықтарымен таныстыру, «құқық» және «міндет» сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Сағатымыздың басында балалар бір-бірімен амандасып, тақырып бойынша жаңа білім алуларына тілек білдірді. Сынып сағатында оқушылар жұппен жұмыс жасап, балалардың қандай құқықтары бар екендігі туралы мәселелерді талқылап, қорытынды жасады. Бейнефильмді көргеннен кейін оқушыларға суреттер таратылды.Осы суреттерден, тек баланың құқығы қорғалатын суреттерді бояу керек деген тапсырма берілді. Сынып сағатының барысында оқушылар өз құқықтарын қорғай отырып, өз міндеттерін ұмытпау керек деп қорытындылады. Сынып сағаты мазмұнды және танымды түрде өтті.