Текст
9.11.22 ж. "Жалтыр ауылының №1 ЖОББМ" КММ және "Астрахан ауылының №2 ООШ" КММ базасында шахмат пен теннистен оқушылардың аудандық жарыстары өтті. Шахмат ойынында біздің мектептің оқушылары жалпы командалық есепте 3 орын алды. Бахарев Кирилл, Саутов Әлібек, Сағадатов Әділ, Қошқарбай үміт грамоталармен марапатталды. 9-11 сынып оқушылары арасында Теннис бойынша команданы Орастай Әділ, Құсайынова Айдана, Ахметов Елжан 2 орынды иеленді.2 орын үшін грамоталармен марапатталды. Екі команданы да жүлделі орындарымен құттықтаймыз!