Текст
1 желтоқсан - Президент күніне орай, 1"А" мен 2 "А" сыныптарында "Менің тұңғыш Президентім" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатымызды ҚР әнұранымен бастап, слайд көріп, суреттер салып, өз ойларымен бөлісті. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту және құрметтеу біздің басты мақсатымыз деп таныдық.