Бүгін, 10 тамыз Абай Құнанбайұлының 177 жылдығына арналған «Абай – дана ақын» атты іс-шарамыз өтті. Іс – шараның мақсаты:
а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан — жақты таныту;
ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру;
б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой — өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Топ мүшелері Ибраһим, Абай, Телғара деген атпен үш топқа бөлініп,жұмыс жасады.
Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар әр командаға сұрақтар және тапсырмалар берілді, балалар сұраққа ойланбастан жауап берді.Кешіміздің соңында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін караокемен орындап, «Торжорға» күйін домбыраның орындауында тыңдап,балалар жақсы әсер алды.