Текст
5 тамызда «Балақай мектебінің» бірінші аптасы аяқталды. Балалармен таңғы жаттығудан кейін, ойын түрінде тапсырмалар берілді. Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Бұл жастағы балаларға ойын арқылы оқыту үлкен мотивация береді, біз осы оқу мен ойынды біріктіре білуіміз керек.