Текст
«Балақай мектебі» өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 04.08.2022ж сабағымызды таңғы жаттығудан бастадық. Оқушыларға көптеген қызықты тапсырмалар берілді, «екі» санын әдемі жазу, сандар тізбегін жалғастыру, буындап оқу, суреттердің атауын тауып буынға бөлу, дауысты дыбыстармен танысу, берілген суретті таза бояу. Балалар берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Әр тапсырманы қатесіз орындауға тырысты.