Текст
3 тамызда "Новочеркасс ауылының ЖОББМ" КММ "Балақай мектебі" жұмысын жалғастыруда. Мектепке дейінгі жаста балалардың мектепке дайындығы, атап айтқанда жазуға дайындығының маңызды бөлігі ұсақ моториканы дамыту және қол қимылдарын үйлестіру бойынша жұмыс жүргізу керек. Мүсіндеу конструкторларды жинау, аппликация, сурет салу, мозаика жинау, саусақ ойындары сияқты тапсырмалар ұсақ моториканы дамытуға көмектеседі. Балаларға сурет салуға, белгіленген нүктелерді қоршауға, штрихтау, саусақ гимнастикасына тапсырмалар ұсынылды.