Еңбек дағдылары адамның өмірі мен өмір сүру процесінде қалыптасады.Өскелең ұрпақтың еңбек дағдылары қаншалықты қалыптасатынына олардың одан әрі өзін-өзі анықтауына байланысты болады. Еңбек процесінде балалар біртіндеп өзін-өзі қалыптастыратын жеке тұлға ретінде көрсете бастайды,бұл олардың тәуелсіз өмірі үшін маңызды. Бүгін, 2 тамызда оқушылар мен мұғалімдер мектеп аумағын абаттандыру жұмыстарын жалғастырды. Балалар мектеп аумағында гүлдерді, картопты суарып, арамшөптерден тазартты. Еңбек жолынан кейін балалар қазақ тілін үйрену бойынша тілдік алаңдағы сабақтарын жалғастырды. 8-9 сынып оқушыларымен «Қазақтың ұлттық киімдері» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс шараның мақсаты: Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы білімдерін кеңейту, мәтін бойынша сөздік қорларын қалыптастыру.
Тақырыпты өрбітіп, ауызекі сөйлей білуге, мәнерлеп оқуға үйрету, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу.
Ұлттық киімнің қадір-қасиетін түсінуге, бағалауға тәрбиелеу.
«Кім жылдам?» ойынын ойнап, әр топ өзіне ұнаған ұяшықтағы сандарды таңдады. Сандарға сәйкес сұрақтар берілді. Ұлттық киімдерді топқа бөліп,олардың мағынасын түсіндірді.
Балалар сабаққа белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.