Мектеп алаңындағы еңбек, еңбек және кәсіптік бағдар беруде үлкен рөл атқарады. Мектеп алаңындағы жұмыс оқушыларды еңбекқөрлыққа тәрбиелейді.
Әдемі абаттандырылған мектеп ауласы оқушыларды эстетикалық сезімге, туған табиғатқа, ауыл шаруашылығына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Мектеп алаңы – оқушылардың экологиялық білім негіздерін, дизайн өнері туралы білімдерін игеретін орны.
Міне, бүгін, бірінші тамызда біз еңбек десантымызды бастадық. 6, 9, 10 сынып оқушылары бірінші кезекте: гүлдерді суарды, мектеп ауласындағы сарғайған жапырақтарды тазартты, гүлзарларды әктеді, мектеп маңындағы қоқыстарды жинады. Мектеп алаңындағы жұмыс аяқталғаннан кейін балалар «Функционалдық сауаттылық» математикалық үйірмесіне шақырылды. Кіріспе сабағы өтті, оқушылар үйірменің тақырыбымен, мақсатымен танысты.