14 шілде күні мектеп жанындағы балалардың жазғы еңбегі өз жалғасын тапты. Олар гүлдерді суарып, мектеп маңайын қоқыстан тазартты. Картоп өсірілген учаскенің арам шөптерін тазалады.
Содан соң жоспар бойынша «Салауатты өмір – ғасыр ұраны» тақырыбына сабақ өтті.
Мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтау, оның басты жолдары - зиянды, жат әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүру керек екенін ұғындыру.
Сабақтың басында балалар осы тақырып бойынша өз ойларын айтты. Сабақта балалар екі топқа бөлініп, әр топ өздерінің ұрандарын ойлап тапты. 1-топтың ұраны: «Денсаулық – зор байлық» болса, 2-топтың ұраны «Салауатты өмір салты» болды. Осы тақырыптарға байланысты мақалдар айтылды, жұмбақтар шешілді. Түсіп қалған сөздерді тауып, ол сөздерді орыс, ағылшын тілдеріне аударды. Сабақ соңында әр топ өздерінің тақырыптары бойынша постер қорғады.