Текст
05.07.2022 - мектеп лагерінің екінші күні. Біздің күніміз дене шынықтыру жаттығуларымен басталды, ол Елорда күніне арналған «Нұр-Сұлтан қаласына саяхат» атты іс-шарамен жалғасты. Мақсаты: балаларды қала тарихымен, оның көрікті жерлерімен таныстыру; патриоттық сезімдерін, еліне деген сүйіспеншілігін дамыту. Шара барысында балалар елорданың тарихы туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, бейнематериалдар арқылы бас қаламыздың көрікті жерлері мен рәміздеріне қысқаша экскурсия жасады. Балалар викторинаға, кроссвордқа белсенді қатысты, сонымен қатар тақырып бойынша коллаж жасап, мозаика құрастырды. Сондай-ақ, балаларға математика және оқу сабақтары беріліп, олар тапсырмаларды орындап, өз өнерлері мен қабілеттерін көрсетті. Күн жақсы өтті.