1 шілдеден бастап мектеп алаңында 6-7 сынып оқушыларының жазғы еңбек жұмысы басталды. "Мектеп ауласы – бұл мектептің бет-бейнесі". Сондықтан мектеп аумағындағы тәртіпті қадағалау өте маңызды. Оқушылардың еңбек десантына қатысуы эстетикалық талғамды тәрбиелеуге, өз мектебі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және мектептің келбетін өзгертуге деген ұмтылысқа ықпал етеді. Мектеп ауласы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралына айналуда, біздің міндетіміз-табиғаттың сұлулығын көруге үйрету, оған деген сүйіспеншілік пен оны қорғауға деген ынтаны тәрбиелеу, сондай-ақ олардың жаңа азаматтық санасының қалыптасуына ықпал ету.
Екінші кезекте жоспар бойынша алда келе жатқан Астана күніне байланысты "Елорда тарихы — ел тарихы" тақырыбына тарихи сабақ өткізілді. Сабақта балалар қысқаша елорда тарихымен танысты. Нұр-Сұлтан қаласындағы алып ғимараттар туралы, олардың тарихы туралы айтып берді.