Текст
1 қыркүйек күні бүкіл ел бойынша барлық мектеп оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Новочеркасск орта мектебінің 170 оқушысы білім күніне арналған мерекелік жиынға келді.Салтанатты мектеп формасында, үлкен гүл шоқтарымен 11 бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады,16 он бірінші сынып оқушылары алғашқы қоңырау мерекесіне арналған өзінің соңғы мектеп линейкасына толқумен келді.
Оқушыларды құттықтауға, оларға оқу жылында табыс тілеуге, сөздерін айтуға құрметті қонақ Астрахан байланыс бөлімінің бастығы Галинов Виталий Витальевич келді.