«Келді міне тағы жаз, күн шуағымен жылытады, жылуын төгіп бізге, бәрімізді қуантады» - деп ауылымыздағы балалардың денсаулығын нығайту, жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін 2-ші сезон «Айгөлек» атты лагері балаларға өз есігін ашты. Лагерімізді таңғы жаттығумен бастап , «Танысу» тренингімен жалғастырдық. Абылқасымова Диана «Кербез қыз» күйін тартып, Мусина К.Е ағылшын тілінде ән жаттатып, тақпақтар айтты.
25.06.19 күні «Достық күні» өткізілді. Күнімізді «Асханадағы тәртіп ережелері» туралы әңгіме өтті. Тәрбиешілер балалармен « Тұлпар» атты демалыс орнына барды. Балалар өзенге шомылып, киіз үйдің ішінде достық,бірлестік туралы әңгіме жүргізді. Бір-біріне деген жылы тілектерін білдірді. Мусина К.Е. балалармен спорттық алаңда ағылшын тілінде “Доппен соғу” ойынын ойнады
26.06. 19 күні «Шынықсаң шымыр боламыз» атты далада эстафеталар
өтті. Балалар белсене қатысты. Мусина Камшат Естаевна балаларға
ағылшын тілінде презентация көрсетіп, спорттық инвентарьдің суреттерін бояды.
Сұрақ-жауап арқылы ойын ойнады. Өзен жағасына серуендеп, шомылып,
өз еркі ойындар ойналды.
27.06 күні «Менің туған күнім» атты іс-шара өтті. Сол күні Абылқасымов
Айыптың туған күні болды. Бұл күні балалар Айыпқа тосын сый даындап,
түрлі-түсті қарындашпен сурет салып, ән айтып,би билеп, ойын ойнады. Кейін
стадионға саяхат жасап, футбол ойнады. Балалар барлығы белсене қатысты.
28 маусым күні «Ертегілер әлемінде» атты іс-шара өтті. Балалар «Үш аю» ертегісін көріп, сахналап берді. Касенова Жамиля Еслямбековнамен орыс тілінде «Маленькая страна» әнінің сөзін жаттап айтты. Балалар мен тәрбиешілер таза ауада сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын ашу үшін, ойын ойнады.
01.07 күні балалар мектеп кітапханасына экскурсия жасады. Кітапханада Наталья Атанольевна көптеген
қызық ертегілер мен әңгімелер оқып берді. Кейін балалар таза ауада сұрақ-жауап ойынымен бекітті, ағылшын тілінде “Қол соғайық”ойынын ойнады.
2 шілде «Әзіл күні» атап өтілді. Балалармен сақина, қолтырауын, жүргізуші ойындары ойналды. Кейін балалармен флешмоб билеп, еркін ойындар ойналды.
3 шілде күні тәрбиешілер мен балалар наубайханаға экскурсияға барды. Наубайханада Ирина Иппалитовна кішкентай қонақтарды құрметпен қарсы алып, таныстырды. Балалар қызығушылық танытты.
4 шілде «Дәрумендер пайдасы» атты күн өтті. Тәрбиешілер балалармен театралдық іс-шара мен викторина өткізді. Балалар дәрумендердің пайдасы мен зиянын айыра білді, жұмбақтар шешіп, әңгімелер тыңдады.
5 шілде «Нұр-Султан күні» аталып өтті. Балалар таңғы жаттығудан кейін әнұран айтып, бейнетаспа көрді. Мусина К. Е. Елорданың тарихын айттып берді. Кейін Алдаркөсенің театралдық қойылымын көріп, таза ауада ойын ойнады.
8 шілде күні лагерімізде «Би байқауы» өтті. Балалар барлығы белсене қатысты. Кейін тәрбиешілер балалармен « Угадай мелодию» ойынын ойнады
10 шілде күні «Ойын күні» атап өтілді. Балалар денсаулық минутынан кейін шахмат-шашки турниріне қатысты. Әр ұлттың ойындарын үйренді. Сағынай Әділет жеңімпаз болып атанды.
12 шілде алаңның жабылу рәсімі өткізілді. Балалар 2 ауысым бойынша үйренген өлеңдерін, тақпақтарын, жұмбақ пен ойындарын көрсетіп бекітті. Бізге қонаққа ұстаздар мен оқушылар келді. Мусина К.Е ағылшын тілде ән, тақпақ пен «Семицветик» ойынын ойнатты. Барлық бала белсене қатысты. Кейін таза ауада су шашып ойнады. «Езу тарт!»- барлық қатысушылардың фотосессиясы өтті.