Текст
Бастауыш сынып апталығының соңында 3 және 4 <Б> сынып оқушылары арасында көбейту және бөлу кестесін білуге арналған "Математикалық батл" өтті. Жарыс басында 4<Б> сынып жетекшісі Медведева С.Я дайындалған презентация арқылы математикалық жаттығу, ми шабуылы және "Баскетбол" ойынын өткізді. Бұдан әрі 3 <Б> сынып мұғалімі Хохлунова Н.Н екі команда үшін "Математикалық лото", "Эстафета" және "Мысалдармен хат" жұптық ойындары арқылы жарысты жалғастырды. Жарыстың соңында әр қатысушы тренажёрді шешіп, кестелік көбейту және бөлу мысалдарында өз білімдерін тағы бір рет тексерді. Осындай сайыстың қорытындысы бойынша екі команда бірдей ұпай жинап, белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды.