Текст
«Келді міне тағы жаз, күн шуағымен жылытады, жылуын төгіп бізге, бәрімізді қуантады» - деп ауылымыздағы балалардың денсаулығын нығайту, жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында бүгін 2-ші сезон «Айгөлек» атты лагері балаларға өз есігін ашты. Лагерімізді таңғы жаттығумен бастап , «Танысу» тренингімен жалғастырдық. Абылқасымова Диана «Кербез қыз» күйін тартып, Мусина К.Е ағылшын тілінде ән жаттап, тақпақтар айтып, спорт алаңында әр түрлі ойындар ойналды. Балалар белсене қатысты.