Тілдік мектеп мұғалімі Матейкович Е.В. мектеп алаңындағы жазғы демалыстың 1 ауысымдағы жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада балалармен бірге олар «Five Fat Saysages» («Бес шұжық»), «Саймон Сайс», («Теңіз-Жер») ашық ойындарын үйренді.
Мектеп лагеріндегі күндердің бірі «көңілді аспаздарға» арналды, яғни осы күні балалармен бірге мұғалім презентация арқылы өнімдердің атауын және ағылшын тағам рецептісін қайталады.«Әзіл күні» тақырыбында «Humpty Dumpty» поэмасын оқып, аударып, «Спорт» тақырыбындағы лексиканы үйренді.
Қазақ тілінде оқытушы Каленова Т.К. әзіл күніне «Күлдір-бүлдір» суреттер байқауы, ал спорт күніне – денсаулық минуты, «Дене гигиенасы» туралы өткізді. Жұмыс барысында балалар жеке гигиена ережелерін, олардың денсаулығының гигиенасы, киім мен аяқ киім гигиенасын қайталады.