Текст
Апталықтың бірінші күні «Математика» күні деп аталды. Осыған орай, 2 «А» және 3 «А» сынып оқушыларымен «Жас математиктер» атты сыныптан тыс іс – шара өтті. Іс-шараның мақсаты: математика пәнінен алған білімдерін өмірде пайдалана білуге,тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой –өрістерін кеңейту, математика пәнін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, оқушылар екі топқа бөлініп, эстафеталық есептер шығарды, анаграммаларды және жұмбақтарды шешті, логикалық лабиринттен өтті, математикалық викториналарға жауап берді, «Құпия конверттің» тапсырмаларын орындады. Іс –шараға барлық оқушылар белсене қатысты және іс-шара қызықты және танымды болды.