2019 жылдың 20 мамырындағы білім басқармасының хатына сәйкес біздің мектепте 2019 жылыдың 22 мамыр күні « Мүмкіндігі шектелген балаларды құқықтық және әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Талдау барысында мұғалімдер инклюзивті білімді енгізу идеясы қажет деп шешті. Біздің мектепте білімге деген арнайы қажет ететін балалар туралы мониторинг өткізіліп отырады, бірақ қазір ондай балалар бізде жоқ.
Пікірталастың негізгі сұрағы « біздің мектепте мүмкіндігі шектелген балаларға сапалы білім беру» мүмкіндігі жайлы. Талдау барысында мұндай балалармен жұмыс жасау үшін арнайы бағдарлама,ең бастысы қосымша ақы бөліну керек.
Мұғалімдер түсінеді мәселе тек сұрақта емес бірінші кезекте адамгершілікте. Білім жүйесінің өзі адамға адамгершілік тәрбие беру жүйесі болып табылады. Біздің мектепте тәрбие жұмысы барысында адамгершілікке, шыдамдылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.
Сол себепті біздің мектеп мұғалімдері мүмкіндігі шектеулі балаларға жауапкершілікпен қарап, психологиялық жәрдем көрсетіп , жұмыс атқаруға толығымен дайын. Бірақ,техникалық және экономикалық мәселеге тиісті сұрақтар ашық қалады .
Мектеп психолгы : Залюбовская Н.Н.