ММ « Новочеркас орта мектебінде» мамырдың 25 күні сағат 10.00 –де «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиын болды, бұл шара салтанатты түрде өтті.
Көптеген қонақтардың ду қол шапалағымен осы күннің кейіпкерлері –мектеп бітіруші түлектер, сынып жетекшісімен ортаға шақырылды. Бұл мерекеде аудандық , жергілікті атқарушы ұйымдардың өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері болды. Олар өз сөздерінде түлектерге алдағы тұрған емтихандардан сүрінбей өтіп, қалаған мамандықтарының иесі болуларына тілектестігін білдірді. Мектеп директоры Альмаханова З.Ж. ,2018-2019 оқу жылының қорытындысы туралы есеп беріп, оқушыларды үздік бітіргені үшін мектеп өміріне белсене араласқаны үшін мадақтама және алғыс хаттармен марапаттады.
Түлектер мектеп ұжымына, қиын кездерде көмек көрсеткен сүйікті ата- аналарына алғыстарын білдірді. Түлектер үшін соңғы қоңырау соғылып, мереке өз мәресіне жетті. Оқушыларға ата –аналар және мұғалімдер ақ жол тіледі.