Текст
4 "А" және 4 "Б" сыныптарында "Бастауыш мектеппен қоштасу" мерекесі өтті.
Бұл мерекеге оқушылардың ата – аналары мен туыстары, мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері шақырылды. Мұғалімдер мен балалар көрермендерге "бірінші сынып оқушылары", "мектепте нені үйретеді", "үзіліс", "мұғалімдерге арнау", "ата-аналарға арнау" бөлімдері бойынша фильм түсіру түрінде өз концертін ұсынды. Бұл бөлімдерде көрермендер бірінші сыныптан бастап өз оқушыларын көрді. Осы қойылымдар КВН, өлеңдер, әндер арқылы оқушылар өздерінің 4 жылдық оқу өмірлерін көрсете білді және сүйікті ұстаздарын алғыс білдірді. Мерекенің соңында қонақтарға алғыс хаттар табыс етті. Салтанатты концерт ата-аналары дайындаған мерекелік шай ішумен аяқталды.