«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қыс ертегісі" суреттер сайысы

06.01.2017

Тақырыбы: «Қыс ертегісі»

Мақсаты: Сыныптан тыс жұмыс  арқылы  оқушылардың қыс туралы білімін байқау. Қыстың ерекшеліктерін және қыста болатын табиғи құбылыстар туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.

Әдістері:  Ойын, сұрақ – жауап, эвристикалық (сұрақ қою, табу, іздену)  шығармашылық жұмыс.

Іс-шараның  барысы: І. Ұйымдастыру.

ІI. Іс-шарамызды мына жұмбақты шешу арқылы бастайық.

Аяз қыстап, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып, бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Айтыңдаршы, балаларым,

Бұл қай кезде болады? (Қыста)

Сонымен бүгінгі біздің сыныптан тыс іс-шарамыз «Қыс ертегісі» деп аталады.

Балалар, қыс мезгілінің сендерге арнап жазып жіберген хаты бар екен. Қанекей хатын оқып көрейік. Сәлеметсіздерме, қымбатты балаларым? Мені шын жақсы көретін болсаңдар, төмендегі менің тапсырмаларыма белсенді түрде жауап беріңдер. Сәлеммен беттеріңнен шымшып сүюші – Қыс.
Ендеше балалар қыстың 1 – тапсырмасын оқып көрейік:

1. Қыс туралы тақпақ, мақал – мәтел, айтып, жұмбақ шешіңдер.

Оқушылар тақпақтарын айтады.
Жұмбақтар.
Қуып едім мойын бұрмады,
Ұстайын десем, қолға тұрмады (Боран).

Қыс жатады, жаз тұрады,
Жоқ болса да қол – аяқ, қаз тұрады. (Қар).
Табан тайған,
Қатып қалған,
Жылтыр айнам.    (Мұзайдын).
2-тапсырма:

«Адасқан әріптің орнын тап» ойыны.
 п, а, н, а, қ – ақпан
қ, е, л, т, а, н, о,с, ж – желтоқсан
т, а, ң, қ, а, р – қаңтар.

3.Лездеме жауап.(әр түрлі сұрақтар).

1. Қалпағы бар, басы жоқ. (саңырауқұлақ).

2.Бір шаңырақтың астында 4 батыр. (жыл мезгілдері)
3. Аң аулауды кәсіп ететін адам . . . (балықшы)
4. Бес тышқанның құлағы . . . (10)
5. Күні бой тынбайды,
Дәмді тағам жинайды. (ара)
6. Күндіз бар, түнде жоқ . . .    (күн)
7. Тәтті тағам жинайды . .(ара)
8.  Орман дәрігері . . .    (тоқылдақ)
9.  Қолы жоқ, тіспен алады.   (аяз)
10. Орман айлакері  . . .  (түлкі)
11. Екіге бөлінетін сандар  (жұп)
12. Жеті сиырдың мүйізі  (14)
13. Цирктегі күлдіргіш әртіс  . . .  (сайқымазақ)
14. Бос ыдыста неше жаңғақ бар  (0)
15. Ханның бас киімі  . . .  (тәж)

4.  «Ұйқасын тап».

Лыжи – шаңғы       Санки – шана     Лёд – мұз

Коса – шалғы          Мать – ана         Соль – тұз 

5.  Шығармашылық жұмыс.  Қысты бейнелеу.
Қорытынды. 

Жау, жау,қарым, жау, қарым,

Даланың ора жондарын.

Қаланың басып жолдарын,

Жау, жау, қарым, жау, қарым! 

 

Просмотров: 1056


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст