Спорттық сайыс «Әкем, анам, мен - спортты отбасы!»
2017 жылдың 6 қаңтарында Новочеркас ОМ «Әкем,анам ,мен - спортты отбасы!» спорттық сайысы өтті.
Бұл шараның мақсаты: «салауатты өмір салтын насихаттау және оқушыны, оның ата –анасын күнделікті дене шынықтырумен айналысуға дағдыландыру». Бұндай шаралар сайысқа қатысушылардың ,отбасының достығын, қарым –қатынасын нығайтады.
Сайысқа үш отбасы: Ахметбек отбасы, Садыковтар отбасы, Ержановтар отбасы қатысты. Команда капитаны баласы, ал ата- аналары оның көмекшісі болды. Түрлі қызықты ойындар дөңгелекпен, доппен, кеглимен, шармен өткізілді . Қызықты ойындардың бірі - «Дөңгелеке түсіру». Ойынның мақсаты баласы әкесінің иығында отырып баскетбол добын дөңгелекке түсіру , ал анасы допты әперіп тұрды. Ойынның әділқазылары : дене шынықтыру мұғалімі -Алибаев Дулат Ахметбекұлы және вожатый – Щербинина Светлана Петровна
Үшінші орынды 32 баллмен Садыковтар отбасы, екінші орынды 36 баллмен Ахметбектер отбасы , бірінші орынды 43 баллмен Ержановтар отбасы иеленді.
Барлық отбасы командалары мадақтама қағаздарымен марапатталды,ал балалар тәтті сыйлықтар алды.