Мерекелік іс-шараның мақсаты: Оқушы балаларды спортқа тәрбиелеу, денсаулықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстану, жаман әдеттерден аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа және жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Ұйымдастыру бөлімі: Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартып жатыр.
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес. Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді
бағдарламасы, сондай-ақ Дүниежүзілік Қар күні бағдарламасы аясында шаралар кешені іске асырылды. Оған 9-10 сыныптар қатысты. Мерекелік іс – шара барысында, Кім жылдам? Кім мықты? деген жарыстар ұйымдастырылды. Жарыс барысында барлық оқушылар белсене қатысты және Кім жылдам сайысында 1-ші келген Кривцова Тамара, Плат Татьяна (9 сынып), ал Алибаева Жамиля, Рысбекова Камиласынды (10 сынып) қыздар арасында бірінші келді. Ұлдардан Карпин Денис, Куанышбеков Бахтияр 9 сынып, Кабидуллин Аян, Литовченко Никитасынды (10 сынып) оқушылар бірінші болып келді.
Бәрі бірге: Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын - деген ұранмен көнілді әндер шырқалып, сонында қар мен атысып мәз мейрам болып үй - үйлеріне тарасты.
Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр
мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар, Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер деген тілек білдіреміз.