Ақпанның 1 күні Новочеркас орта мектебінде « Терроризм мен экстремизм ЖОҚ» ақпараттық сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты терроризмнің маңызын, оның түрін және мақсатын; терроризм туралы білімдерін жетілдіру; ТЖ кезінде қауіпсіздік негіздерін түсіндіру, өскелең ұрпақтың қоғамдағы азаматтық санасын қалыптастыру; қазіргі жағдайда терроризм дегенді не себепті жиі кездестіреміз соның себебін анықтау, балаларды
бір –біріне төзімділікпен қарауға, басқа да адамдармен дос болып өмір сүруге тәрбиелеу. Шараны ұйымдастырушы АӘД пәні мұғалімі Алибаев А. А. 2004 жылы Беслан қаласында өткен қайғылы жағдайға да тоқталып өтті. Оқушылар «Беслан туралы естелік» бейне ролик көрді. Террорлық зұлымдықтың кесірінен жазықсыз үш жүзден арта адамдар, оның ішінде көбі балалар мен әйелдер қаза болды.