«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тіл білгірлері" сайысы.

10.02.2017

Сабақтың тақырыбы: «Тіл білгірлері» сайысы деп аталды.

Сайыстың мақсаты:1) оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен білімдік деңгейлерін байқау, саралау; 2)оқушыларды еңбексүйгіштік, адалдық борыш, ар-ұят секілді адами қасиеттерге тәрбиелеу; 3) ана тілі арқылы оқушылардың рухани дүниесін, шығармашылық қабілетін арттыру болды.

Бұл сыныптан тыс іс-шара 5-6 сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр топқа 6 оқушыдан қатыстырылады. Сыныптың қалған оқушылар жанкүйер ретінде қатысты. Сайыс жеті бөлімнен тұрды. Бөлімдер мазмұны жағынан қазақ тілі мен әдебиет тақырыптарын қамтыды.

І. «Жедел жауап». ( қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сұрақтарға жауап беру, екі топқа он сұрақтан қойылады, қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топ жеңеді. )

ІІ. «Сөз тапқанға». (әр топқа әріптер беріледі, қойылған сұрақтарға сол әріптерден басталатын сөздермен жауап береді.)

ІІІ. «Ұшқыр ой». (берілген сөзден 1 минутта бірнеше сөз құрау.)

ІҮ. «Кім жылдам?» (әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер мен топ мүшелері бұл сөздерді дұрыс табу керек..)

Ү. «Тіл өнер.» (мақалдарды жалғастыру.)

ҮІ. Қызықты ұйқастар. (сөздердің ұйқас аудармаларын табу.)

VII. Тұлғаны таны (атақты тұлғалардың портреті арқылы танып, жастарына қарай қою, ол туралы қысқаша мәлімет айту)

Топ басшылары арасындағы сайыста өз тобына жанкүйерлердің тапқырлығы арқасында ұпай жинай алды. Қазақ тілі мен орыс тілінен өткен білімдерін тексерді және қосымша ақпарат алды. Мақал - мәтелдер сайысында өз өнерлерін көрсете білді. Сайыстың жетінші бөлімінде екі топтың ойыншылары атақты тұлғалардың туған жылдарын шатастырып, ұмытып қалды. Алайда ол тұлғалар туралы көптеген мәліметтері білетіндерін көрсетті.

Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата-дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.

«...Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» -деп Мағжан ақын жырлағандай, құрметті ұстаздар мен оқушылар 7-8 сынып оқушыларымен өткізілетін «Тіл білгірлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

деп басталған сайысымызды

Ана тілі – біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап бағып-қағамыз

Ана тілін бағаласақ қалай біз,

Өзіміздің солай болмақ бағамыз деп тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыратын тұжырымды ойлармен аяқталды

Іс- шара қызықты, тартымды өтті. Оқушылар белсене қатынасты.

Мұғалім Казбекова Г.Ж

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст