«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білгірлер» интеллектуалдық сайысы

11.02.2017

«Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы аясында 5-8 сыныптар арасында «Білгірлер» интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс үш айналымнан тұрды.

І айналым. «Ұтқыр болсаң, тауып көр...»

ІІ айналым. «Бұл қай кейіпкер?»

ІІІ айналым. «Тұлғаны танисың ба?»

Сайыстың мақсаты:

- көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын

арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу;

- оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау қабілеттерін дамыту;

- өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.

(Ойынға 5-8-сынып оқушыларынан 3 топ қатысты, әр топтың аты, топ басшысы болады)

І топтың аты - «Сұңқар», таңбасы – сұңқардың суреті,

ұраны «Бейбіт елдің сұңқарымыз сүйікті,

Болашақта бағындырар биікті».

ІІ топтың аты - «Тұлпар», таңбасы - аттың суреті.

ұраны «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

ІІІ топтың аты – «Домбыра», таңбасы - домбыраның суреті,

ұраны «Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра ».

Әдебиет-сөз өнері. Әдебиет-әсемдік әлемі. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет - еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Осы сайыста осынау қасиетті де киелі әдебиетке жаны құмар жандар бақтарын сынады. Ойыншыларымызға әділқазы мүшелері төрелік етеді. Сайысымыз үш айналымнан тұрды.

І айналым. «Ұтқыр болсаң, тауып көр...» Көркем шығарманы оқу бар, оны зердеңе тоқу да бар. Ойыншыларымыздың әдебиет сабағынан оқыған көркем шығармаларды қаншалықты көңілге тоқығандары сыналды. Берілген үзінділердің авторын, тақырыбын табу керек болды.

ІІ айналым. «Бұл қай кейіпкер?» Қай қаламгер болмасын өмірдің жақсылы-жаманды қыр-сырын, ащысы мен тұщысын, кейіпкерінің мінез-құлқы арқылы береді. Тіпті айтпақ болған жан айқайын кейіпкерінің аузына сөз салып жеткізіп жатады. Көкірегі ояу оқырман мұны түсінеді, түсінеді де түйсігіне қабылдайды. Бір кейіпкер үшін жанымыз ашиды, біреуіне зығырданымыз қайнайды, тіпті біреу үшін жүрегіміз жарыла қуанып жатамыз. Көркем шығарманы сүйіп әрі сүйсіне оқитын әр оқушы осы бір сезімдерді басынан кешіріп жататыны рас. Сондықтан бұл айналымда қатысушылар кейіпкерлерді тапты.

ІІІ айналым. «Тұлғаны танисың ба?» Халқымыз «қазақты көргің келсе, міне, осы деп» жер жүзіне көрсетуге тұрарлық марғасқалардан еш кенде болған емес. Елі үшін ерен еңбек еткен, қара сөздің қаймағын сүзген ақын-жазушыларымыз да туған жері мен туған жұртын жерге қаратқан емес. Оларды тану, есімдерін ұлықтау -келешектің де, бүгінгі біздің де борышымыз. Бұл айналымда ойыншыларға ақын-жазушылардың есімдерін табу керек болды.

(Ойын соңында әділқазы мүшелері ұпай саны жоғары топты «Әдебиет білгірлері» деп жариялады.)

Просмотров: 467


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст