Сабақ тақырыбы: Санды өрнектерді салыстыру Мектеп: Новочеркас ОМ
Күні :16.02.2017ж. Мұғалімнің есімі: Мусина К.Е.
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;
“+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, (□) белгісіз сан символын қолданады.
Ресурстар: Әр жұп оқушыға арналған:
нүктелі ойын текшелері;
ламинатталған қағаз парақтары;
маркерлер;
санды өрнектер жазылған парақшалар;
өрнектердің жауабы жазылған парақшалар (саны сыныптағы оқушылардың санына байланысты).
Тірек сөздер өрнектің мәні.
Сабақтың мақсаты:
Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйренеді.
«Ақыл – ойды ретке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек» С.М.Ломоносов.(Слайд)
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар келген қонақтармен үш тілде амандасады. «Сәлеметсіз бе! Hello! Здраствуйте! »
2.Ынтымақтастық атмосферасын құру.
Тренинг «Амандасу түрлері». Оқушылар дөңлеленіп жұппен тұрады. Сосын мұғалімнің айтуымен әртүрлі дене мүшелерімен амандасады. Мысалы, мұрынмен, арқамен, тіземен, қолмен.
3.«Миға шабуыл» стратегиясы. (слайд)
Лездеме сұрақтар
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
2.Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50 кг. Бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг?
3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды?
4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?
5. Термометр аяз болғасын 3 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градусты көрсетеді?
4.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Тақырыбы:
«Санды өрнектерді салыстыру»
Мақсаты: Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйренеді. (слайд)
5.Кіріспе тапсырма. «Жұппен ойын» Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оларға бір-бірімен ойын ойнауды ұсыныңыз. Әрбір жұпқа нүктелі ойын текшесін, ламинатталған қағаз парағын, маркер таратып беріңіз.
Ойын шартымен таныстырыңыз. Әр ойыншы текшені екі рет лақтырып, оның жоғары жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір -бірінің жұмысын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын салыстырады.
Мысалы:бірінші ойыншы: 3 + 5; екінші ойыншы: 7 + 4; 3 + 5 ? 7+ 4.
Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұраңыз. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдаңыз. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіріңіз. Өрнектерді ламинатталған парақтарға жазып, сынып оқушыларына көрсетеді.
6. Жаңа сабақты түсіндіру. (слайд)
Санды өрнектерді салыстыру үшін олардың мәндерін тауып, сол мәндерді салыстыру керек. Мысалы,
2 + 5 ? 6 + 4;
7 < 10;
2 + 5 < 6 + 4.
7. Осы сабақтағы негізгі сөздерді үш тілде айту.
Салыстыру – сравнение – comparison
Артық – больше – more
Кем – меньше- less than
Тең – равно- equally
8. Топқа бөлу. (қима қағаздар арқылы)
1-топ сандар, 2-топ таңбалар, 3-топ өрнектер.
Хайуанаттар дүкенінде. (слайд)
Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізіңіз. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұраңыз. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.
Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыныңыз. Құрастырған санды өрнектерді салыстыртыңыз. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастырыңыз. Тапсырманы тез орындап болған оқушы ларға “Хайуанатдүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыныңыз.
Жауабы:
1-топ: 3 + 4 = 2 + 5;
2-топ: 6 + 6 > 8 + 3;
3-топ: 4 + 4 < 2 + 8.
Сергіту сәті «Көңілді күн»
9. Жеке жұмыс. (слайд)
Шығарып көр. Оқушылар санды өрнектерді тақтаға жазып салыстырады. Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалатыңыз. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара бағалайды.
Жауабы:
18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;
5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10;
2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10.
10. Дарынды оқушылармен жұмыс.
Орындап көр. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесіңіз. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айтыңыз. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескертіңіз. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыныңыз.
Жауабы:
а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4;
в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2.
11. Дәптермен жұмыс. 36-жұмыс парағы.
«Салыстыр және таңда»
Бағалау Оқушылар сабақтың соңында:
сандар, шамалар мен санды өрнектер арасындағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді.
Қалыптастырушы бағалау жинағындағы тапсырманы орындайды. «Математикалық тіл»
Кері байланыс “Жетістік ағашы”. Оқушылар қызыл, сары, жасыл жапырақтарды ағашқа іледі. «Жасыл» - тақырып түсінікті, «Сары» - сұрағым бар, «Қызыл»- түсінбедім