«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
   Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Новочеркасское отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ «Көктем қандай көрікті»

20.02.2017

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «а» 16.02.2017ж

Тақырыбы: Көктем қандай көрікті.

Мақсаты: мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашу.

Міндеті: ойларын ашық айтуға дұрыс сөз саптауларын , қорытындыны нақты жасау дағдыларының дамуына жағдай туғызу.

Көрнекілік: 3 сынып Әдебиеттік оқу оқулығы, таратпа материалдар, маркер, смайлик.

Модуль: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер . Сыни ойлауға үйрету . Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

Стратегиялар:Ой шақыру, топтастыру, «Суреттер сөйлейді», «Түртіп алу»

«Ойлан,бірік,бөліс» «INSERT» cтратегиясы.

Кіріспе.

Мұғалім:

Тұлғааралық байланысты орнату.

Оқушы:

Оқушылар сәлемдеседі, шеңбер құрып психологиялық орта қалыптасады.

Шаттық шеңбері:

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, өздерінің есімдері қай әріптен басталалып тұр сол әріптен жақсы сөз ойлап табу.

-Сания- сымбатты.

-Альтаир-айбарлы

-Диана-дарынды

-Нариман-нағыз жігіт

-Ельнар-ержүрек

-Нұрай –нәзік

-Ару-ақылды

-Жаслан-жайдарлы

-Еркебұлан-ержігіт

-Диана-даусың әдемі

Топқа бөліну: Топ ұстанысмын ескеру

Жыл мезгілінің суретін алып топқа бөлініп отыру

І-топ:Қыс

ІІ-топ:Көктем

«Қызықты сұрақтар»

Сұрақтар:

1.Қай бөлімді аяқтадық? -Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

2.Қандай құс түрлерін білесің? - Бозторғай т.б

3.Төрт түліктің жаңа туған төлдерін ата? - қозы,лақ,бұзау

4.Қайсысы оңай? Қайсысы қиын?

А) Табиғатты бүлдіру.

Б) Бүлінген табиғатты қалпына келтіру. - оңай табиғатты бүлдіру

5.Қандай көл болмайды?

А) Алакөл,Ыстықкөл.

Ә) жасанды көл.

Б) Жаңбыр суы тамбаған көл.

6.Мына пікірлердің қайсысы дұрыс деп ойлайсың ?

А)Бозторғай артық жұмыртқасын «садақа» ретінде ұясынан шығарып тастайды.

Ә) Бозторғай денесі кішкентай болғандықтан, басқа кезде астына сыймаған жұмыртқаларын еріксіз шығарып тастауға мәжбүр болады.

Жаңа материалдың таныстырылымы

Қызығушылығын ояту сатысы.

«Ой шақыру» стратегиясы . 5 минут

Көктем сөзін естігенде, кімге қандай көзіне елестетеді? Жеке тізім жасайды, жұпта ой бөліседі, топта пікірлесе отырып, ортақ ойларын жинақтап, ортада үлкен қағазға топтастырады. Оқушы пікірін айту.

«Суреттер сөйлейді» стратегиясы.

Суреттен алған әсерлерін айту

- Бүгін жұмбақ шешу арқылы, сурет құрастырайық.

-балалар мына сурет әдемі ме?

-жоқ

- ендеше, осы суретті әдемілеп, түрлендіріп жіберейік.

-мен жұмбақ оқиын сендер шешіңдер.

Жұмбактар:

Аспанға жайып қойған,

Ақ мақтам ғайып болған. (бұлт)

* * * * * *

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күн)

* * * * * *

Қыста кейімін тастайды,

Көктемде кейіне бастайды. (ағаш)

* * * * * *

Гүлдер, гүлдер шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Бұл өлең не туралы? (гүл)

* * * * * *

Шарлап келіп даланы,

Үйіме - үйін салады. (қарлығаш)

* * * * * *

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қозы)

Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы. (лақ)

* * * * * *

Мө - мө, деген әні бар,

Үй маңынан табылар. (сиыр)

* * * * * *

Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім. (құлыншақ)

* * * * * *

Өзі үлкен жануар,

Төбесінде тауы бар. (бота)

- Балалар сурет әдемі болды ма?

- Ия.

- Бүл суреттеқандайжылмезгілібейнеленген?

- Көктем.

- Көктемніңнешеайы бар?

- Үшайы бар.

- Қандайайлары бар?

- Наурыз, сәуір, мамыр.

- Өте жақсы, ендеше осы суретке әңгіме құрайық.

- Балалардың сурет бойынша құрастырған әңгімелерін тыңдау.

- Көктем туралы тақпақтар айту.

Көктемге байланысты суреттер көрсету. Көктем табиғи құбылыстарды айту

-Бүгінгі өтетін тақырыбымызды кім айтады.

-Көктем орысша,ағылшынша қалай айтады? Весна,spring

Әли Ысқабай-Жетісулық белгілі қаламгер,балалар жазушысы , Қазақстан жазушылар одағынын мүшесі,журналист.

2.Оқулықпен жұмыс. 7 мин. Мәнерлеп оқу. Мәтінді талдау.

— Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды ?

-Мәтіндегі кейіпкерлерді ата ?

- Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің ?

— Мәтіннен Сайран сөзін кім тауып оқып береді?

«Түртіп алу» стратегиясы

Сөздікпен жұмыс:

Қасат қар-тығыздалып қалған қатқыл қар.

Хош иісіне елтіген-аңқыған жақсы иісін ұнатқан

Сергіту сәті:

«Ойлан,бірік,бөліс»

І-топ::Көктем мезгіліне байланысты шағын әңгіме жазу

ІІ – топ: Көктем мезгіліне байланысты сурет салу.

Рефлексия

«INSERT» cтратегиясы.

Таратпа материал тарату.

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Үйге тапсырма . Мәтінді оқу, мазмұндау

Бағалау.Өзін – өзі бағалау

Күнделікке жазу

Просмотров: 707


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст