Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов
Бүгін әлем бойынша Ана тілі күні аталып өтті. Бұл халықаралық мереке 1999 жылы ЮНЕСКО-ның Бас ассамблеясының отырысында Үндістандағы ана тілін қорғау үшін митингке шыққан студенттерді еске алу мақсатында бекітілген.
Ана тілін құрметтеу үшін және басқа тілдерді қолдау үшін біздің мектебімізде де әр түрлі шаралар өткізілді. Мысалы, диктанттар, сыныптан тыс шаралар, мәнерлеп оқу сайысы және «Мәңгілік ел- Мәңгілік тіл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.