Балалардың қандай құқығы бар, балалар өз құқықтары туралы нені білуі тиіс? Міндет- деп нені айтамыз және оның құқықтан қандай айырмашылығы бар? Оқушылардың қандай міндеттері мен құқығы бар? 3-4 сынып оқушылары, ата –аналары және сынып жетекшілері Смагулова Б.К. Медведева С.Я. бірлесе отырып ,қызықты « Құқық» саяхат- ойынын жүргіземіз.
Шараның мақсаты:
Оқушының құқық туралы білімін балалар міндеті мен құқығын қалыптастыру.
Міндеті:
« Бала құқығы декларациясының қабылдануы» және «Балалар құқығы туралы Конвенция» туралы айтып, таныстыру.
- құқықтық сауаттылыққа, ұжымда жұмыс жасап өмір сүруге тәрбиелеу.
- қарым –қатынаста өз тәртібін бақылау.
« Құқық» саяхат- ойынында мектеп кітапханашысы «Балалар құқығы туралы Конвенция» жайлы әңгімелеп берді , « Бала құқығы туралы» тұсаукесер және де мультфилімдерден үзінділер көрсетілді. 4 «Б» сынып оқушылары Зейбель Елена, Карпин Дмитрий, Арсикеев Имран, Яцук Юна, Нестерович Илья, Колжабай Олжас, Артемьев Дмитрий, Жолдабеков Алдияр бала құқығы туралы өлеңдер оқыды. Күлкілі қойылымда Хижняк Артем, Богинская Эвелина, Яцук Юна өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Балалар көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білді. Біз өз құқығымызды біле тұра міндетімізді де ұмытпауымыз керек. Бұл шараға арналып «Менің құқығым» кітап көрмесі ұйымдастырылды .
Кітапханашы: Завадская Т.И.