Новочеркас орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Казбекова Гүлжан Жақсылыққызының «5- 6 сыныптың қазақ тілі пәніне арналған көмекші жұмыс дәптері» атты әдістемелік құралы басылып шықты. Авторлық бағдарлама иесі Казбекова Гүлжан Жақсылыққызын Новочеркас орта мектебінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз. Әрдайым осындай биік белестерден көріне беруіңізге тілектеспіз.
Ұсынылған авторлық жұмыста жаңа технология арқылы сабақ берудің тиімді жақтары , оның әдіс-тәсілдері берілген.Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы жеке тұлғаға бағытталған. Сабақтардағы жеке, жұппен және топтарда рет-ретімен жүргізу жұмысы және әр баланың спикер болуына жағдай жасауға үйрету жұмыстары көрсетілген.
Қазақ тілі пәнінен көмекші құрал 5 тараудан тұрады.5 және 6 сынып оқушылары арналып дайындалған. Тапсырманы орындау барысында қазақ тілі пәні бойынша әртүрлі тапсырмаларды орындайды.
4 тараудан тұрады: « Отбасы», «Ауылда» , « Қазақстанның жануарлары» және де «А блогі мен Б блогінен тұратын тестік сауалдар»
Орындайтын тапсырма түрлері әртүрлі болып келеді.
Ұсынылып отырған Гүлжан Жақсылыққызының әдістемелік құралы жалпы білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне көмекші әдістемелік құрал ретінде бекітіліп отыр (ӘОЖ. 373. 167.1 КБЖ 81.2 Қаз- 922).
Біздің мектебіміз үшін бұл үлкен мақтаныш.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Исмагулова Сара Каримжановна