Наурыздың мағынасы - наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. «Ұлыстың – Ұлы күні»»тақырыбында Новочеркасс мектебімізде Наурыз мейрамы тойланды. Мереке әсем әнге , шаттық биге, ұлттық салт- дәстүрге толы болды. Бағдарлама 3 бағытты қамтыды.
І бағыт: қазақ халқының өткен тарихы мен бүгіні
ІІ бағыт: қазақ халқының салт- дәстүрлері.
ІІІ бағыт: қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдерінің әндері мен билері
Қазақ халқының өткен тарихы мен бүгіні келешек ұрпаққа өнеге боларлық сахналық көріністер тамаша сомдалды.
Сондай – ақ қазақ халқының салт- дәстүрлері көрсетілді. Қазақтың салт дәстүрінің бірі «Алас, алас», «Сүйінші сұрау» көріністері наурыз тойымызды одан әрі жандандыра түсті.
Өнерлі де өнегелі мектеп оқушыларына талаптарыңызға нұр жаусын дегіміз келеді. Жетекшілік еткен ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде өсіп келе жатқан ұрпақтарының өнерін тамашалауға келген ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты аналарымыздың ортамызда жүргені қандай қуанышты. әжеміздің бастауымен ақ жаулықты аналарымыз шашу шашса , елімізге елеулі ардақты аталарымыз ақ батасы беріп Новочеркасс ауылының тұрғындарынан ақ тілегін аямады. Елдің амандығын тіледі. Ата – аналарымыздың қолдауымен құрт көжеге, бауырсаққа толы дастархан жайылды.Ата – әжелеріміз ақ дастарханға ақ бата беріп үлкен – кіші , ыстық шай ішіп , тәттілерден ауыз тиді.
Мектебіміздің директоры Альмаханова Зумрат Жарылқасынқызы көпшілікке ризалығын білдіріп құттықтау сөз айтты.
Наурыз мерекесін ұйымдастырушылар : ТІМ Филипова Т.Л, Тәлімгер: Хамзина С.Ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Казбекова Г.Ж География пәнінің мұғалімі: Уатхан Қайролла
Көк тәңірі нұрын аяма
Жер тәңрі ырысыңды аяма
Әділ жанды тағынан тайдырма
Әр халықты бағынан айырмадеген ақ тілекті баршаңызға тілегіміз келеді