Сабақтың тақырыбы: Көңілді ниформатика
Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың информатика пәні бойынша алған білімдерін шыңдау.
ә/ Оқушылардың ой-өрістерін одан әрі жетілдіру.
б/ Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, пікірлесу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, топшамалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін мектебімізде информатика пәні бойынша 7 сынып оқушыларымен «Көңілді информатика» сайысы өтеді. Бұл сайыста сіздер информатика пәні бойынша алған білімдеріңізді шыңдап, көптеген тапсырмаларды орындайсыздар.
Олай болса ортаға «Windows», «Internet» тобын ортаға шақырамыз. Бүгінгі тапсырмаларға ұтымды да, ұшқыр жауап берген топтар әртүрлі фигуралар арқылы бағаланады. Сайыс соңында сол фигуралар саналып, қорытындысы шығарылады.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға – дей отырып сайыстың бағдарламасымен таныстырайын.
Сайыстың бағдарламасы:
1-тур. Үй тапсырмасын тексеру
2-тур. Сен маған, мен саған
3-тур. Шешімін тап.
4-тур. Кім жүйрік.
5-тур. «Ойлан тап».
6-тур. Кім көп біледі?
1-тур. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларға алдын-ала өз топтарын таныстыру жөнінде презентация жасап келу беріледі.
2-тур. Сен маған, мен саған. Екі топ бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды.
1 топ
1. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қағаз-қаламсыз (пернетақта)
2. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың. (тышқан)
3. Жақтаулар шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе)
4. Оның үш түрі бар, оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан көруге болады. (принтер)
2 топ.
1. Компьютермен енеді
Қағазға басып береді (принтер)
2. Жүзден артық түймемен
Компьютерді билеген (пернетақта)
3. Ақпаратты сақтап, таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан (компьютер)
4. Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар ағалы-інілі. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. (колонкалар)
3-тур. Шешімін тап. Әрбір топ тақтадағы жасырылған жұмбақтың жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Жоғары ұпай – 10 ұпай.
ЖҰМБАҚТАР
1. Төртбұрышты әйнек, 4. Компьютеріңіз ауырса,
Тұнып тұрған әлек (монитор) Қызметі дайын үнемі.
Кірген зиян-залалды,
2. Бұтақ орнында мың бір инесі, Күмәнсіз ол кетірер. (антивирус)
Компьютер жаны оның мекені. (кактус)
5. Әуез сазды беретін,
3. Кемірушіге ұқсайды бейнесі, Ол да керек құрылғы.
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын. Дыбыс шықса тосыннан,
Ойланып білгіш болсаң жауап берші, Бәрің соған бұрылдың. (колонка)
Қалай деп аталады аты оның? (тышқан)
6. Экранның бетінде тұрағы.
Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)
4 тур. Кім жүйрік. Ұпайлар астында сұрақтар жасырынып тұрады. Оқушы ұпайды таңдап, сұрақ тыңдайды.
1. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы? Интернет)
2. Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)
3. Ақпаратты экранға шығаратын құрылғы (монитор)
4. Монитор, пернетақта, жүйелі блок, маус-бәрі ....... деп аталады.
5. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)
6. Өнер алды қызыл .... (тіл)
7. Принтердің неше түрі бар? (3 түр)
8. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)
9. Аты бар байттар тізбегі?